Аудандардағы аналар кеңесінің жұмысын жандандыру керек

519

0

Достық үйінің мәжіліс залында Zoom-конференция форматында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің жұмыс отырысы өтті.

Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Аудандық Аналар кеңестерінің атқарған жұмысына талдау жасау, орындаушылық тәртіп, жаңа жобаларды іске асыру, аудандық Аналар кеңестерінің жұмысын барлық бағыттар бойынша жандандыру. Отырыста аудандық Аналар кеңесі төрайымдары мен аудандардағы «Қоғамдық келісім» КММ сарапшыларының есептері тыңдалды.

Мәселелерді талқылау барысында өңірлердегі Аналар кеңестері құрылғаннан бері көптеген жұмыстар атқарғаны атап өтілді. Бірақ формальды түрде жұмыс жасайтын да ұйымдар бар. Соның ішінде қоғамдық негіздегі екі мемлекеттік қызметті атқаратындар да бар. Сондай-ақ, Аналар кеңесінің мүшелігінде облыстардан беделді әйелдер болғанымен, кеңестің барлық жұмысын тек төрайымның өзі орындайтыны тағы бар. Осы орайда олардың тәжірибесі мен мүмкіндіктерін пайдалану қажет деген ұсыныстар айтылды.

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында әйелдердің ел дамуына қатысуын көрсету қажет. Облыстық ауқымда Аналар кеңесі төрт бағыт бойынша жобаларды іске асырады:  отбасылық дәстүрлер, ана мен әкенің рөлі,  ұрпақ  тәрбиелеу,  Қазақстан халқы Ассамблеясы ұстанған бағытты тек бір шаңырақта ғана емес бүкіл қоғамда бірлікті, келісімді, бейбітшілікті нығайтуға бағытталатын болады. Осы негізде барлық аудан басшылығының атына Аналар кеңесінің жұмысын жандандыру, олардың жұмысын жақсарту, қоғамдық әлеуетін пайдалану туралы хаттар жолданды», – деп атап өтті облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова.

Алдағы уақытта Аналар кеңесінің ағымдағы жұмысын талқылау үшін осындай отырысты онлайн-форматта апта сайын өткізу жоспарланып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<