Ауданның экономикалық даму бағыттары талқыланды

4

0

Фото: Қармақшы ауданы

Аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен өткен мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен негізгі салалардағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды.

Жиында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Ниматулла ауданның экономикалық көрсеткіштері, бюджеттің орындалуы және қаржы саласындағы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Әсет Омаров саладағы жүзеге асырылып жатқан жобалар және аграрлық бағыттың даму көрсеткіштерін атап өтсе, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Рауан Әбдіқасов Қармақшы ауданындағы кәсіпкерлік саласының даму деңгейі мен өнеркәсіп саласындағы негізгі көрсеткіштерге тоқталды.

Аудан басшысы жауапты салаға басшылық ететін орынбасары Шыңғыс Сыдықовқа жұмыстарды сапалы әрі уақытылы орындауды, негізгі салалардың қызметін арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі