Ауыл шаруашылығындағы оңды істер

304

0

Сурет ашық дереккөзден

Жаңақорған ауданы ауыл шаруашылық саласы бойынша өзгелерден бәсі биік екені анық байқалады.

Бұл сала бойынша жалпы өнімнің көлемі 101,2 пайызды құраса, биылғы жылы аудан бойынша 37 781 гектарға егiс егу межеленіп, жоспар толығымен орындалған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тілеуімбетов баяндады.

– Қазіргі таңда, 3151 гектар күздік бидай мен күтімге алынған 15 439 гектар ескі жоңышқа тырмаланып, суарылды. 5000 гектар жаңа жоңышқа, 194 гектар жаздық бидай, 30 гектар жаздық арпа, тары 260 гектар, жүгері 738 гектар, 2010 гектар мақсары, 46 гектар күнбағыс, қант құмайы 10 гектар, 3296 гектар картоп, көкөніс, бақша дақылдары егілді. Бекітілген күріш егу және суға бастырудың 5 күндік кестесіне сәйкес, бүгінгі күні 7607 гектар күріш егіліп, суға бастырылды. Бұған қоса, 3151 га күздік 17 центнерден, 194 жаздық бидайдан 15 центнерден өнім алынса, 1000 тоннаға жуық бақша дақылдары Ресей мемлекетіне экспортқа шығарылып, қалғаны басқа облыстарға жөнелтілді, – деді аудан әкімі.

Ауданда аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес, азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында қосымша 295 га жер ашылып, 845 отбасы картоп, көкөніс, бақша дақылдарын еккен. Жалпы, ауданда 781 шаруашылық құрылымдарының 485-і егін егумен айналысады. Оның ішінде, 234 шаруашылық күріш егеді.

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<