Ақылды болуға көмектесетін 33 сайт

326

0

Танымал Medium порталында кәсіпкер әрі блогер Томас Оппонг білім көкжиегін кеңейтуге септігін тигізетін 33 сайттың тізімін ұсынды. Кәсіпкердің айтуы бойынша, оларды қаншалықты жиі қолдансаңыз, міндетті түрде пайдасын тигізбек.

Уақыт өткен сайын интернет білім беру саласы бойынша сапалы контенттермен толығуда. Оксфорд, яки басқа да үздік университет профессорларының кітабын мұхит асып іздеудің қажеті жоқ. Қазір олардың онлайн-курстарынан тікелей өтіп, байланыс та орнатуға болады.

Ақпарат көбейді дегенімізбен, тағы бір мәселенің ұшығы шығады. Білім сайттарының қатары қаншалықты артса, олардың арасында нақты әрі сапалы контентті ұсынатындарын анықтау соншалықты қиындай түседі. Осыны ескере отырып, назарларыңызға білім беретін үздік 33 сайтты ұсынамыз.

Ескерту: бұл сайттардың басым көпшілігі ағылшын тілінде.
  1. BBC  Future — қазіргі әлем туралы үздік мақалалар мен видеоматериалдарды ұсынады.
  2. 99U — өнімді жұмыс істеу, өзін-өзі басқару, көшбасшылық жайлы YouTube-канал.
  3. YouTube EDU — танымдық видеоларды топтастырған білім каналы.
  4. WikiWand — “Уикипедияның” функционалды интерфейсі.
  5. The long read (The Guardian) — The Guardian басылымының репортаждар мен лонгридтерге арналған бөлімі.
  6. TED — тәжірибелі адамдардың тың идеяларымен бөлісетін алаңы (қазақшаланған нұсқасы бар).
  7. iTunes U — үздік университеттердің дәрістерін топтастырған iTunes бөлімі.
  8. Insightful Questions —Reddit порталының интеллектуалды ойындар мен тартыстарға арналған бөлімі.
  9. Cerego — адамның әлсіз және мықты тұстарына байланысты дұрыс жоспарлауды үйрететін сервис.
  10. University of the People — түрлі мамандықтар бойынша білім беретін тегін онлайн-университет.
  11. Open Sesame — ақша саудасына арналған алаң.
  12. CreativeLive — шығармашылық бағыттағы әлемдік эксперттердің тегін курстары.
  13. Coursera — әлемге танымал университеттердің жүздеген курстары енгізілген сайт.
  14. University of Reddit  — Reddit порталының білімге арналған бөлімі.
  15. Quora — Бизнестен бастап, комикстерге дейінгі түрлі салаға байланысты сұрақтарға жауап беретін сайт.
  16. Digital Photography School — фотосьемканы үйретуге арналған сайт.
  17. Umano — мақалалардың дыбысталған аудионұсқасын топтастырған сайт.
  18. Peer 2 Peer University — ашық білім жобасы.
  19. MIT Open CourseWare —Массачусетс технологиялық институтының білім сайты.
  20. Gibbon — білімге қатысты плейлисттерді топтастырған сервис.
  21. Investopedia — қаржы нарығындағы ойын, жеке қаржыны басқаруға үйрететін сайт.
  22. Udacity — техникалық бағытқа арналған онлайн-курстар.
  23. Mozilla Developer Network — веб-құрастырушыға арналған сайт.
  24. Future Learn — танымал университеттердің тегін онлайн-курстары.
  25. Google Scholar — ғылыми әдебиеттерді (кітап, мақала, журнал, т.б.) табуға мүмкіндік беретін іздеу жүйесі.
  26. Brain Pump — әрдайым жаңа дүниені үйренуге көмектесетін алаң.
  27. Mental Floss — түрлі сала бойынша білім деңгейіңізді анықтауға көмектесетін тестер.
  28. Learnist — іріктелген эксперттердің сапалы контенттері.
  29. DataCamp — ғылым жайлы онлайн-туториалдар.
  30. edX — түрлі университеттердің онлайн-курстары.
  31. Highbrow — поштаңызға күнделікті курстар жіберіп отыратын сервис.
  32. Coursmos — қысқа әрі нұсқа курстар топтамасы.
  33. Platzi — дизайн, маркетинг, бағдарламалау салаларына байланысты онлайн-сабақтар.

Дереккөз: baribar.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<