Аймақта медициналық-бақылау бекеттері жұмысын бастады

256

0

Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов “Қызылорда-Павлодар” тас жолына қойылған медициналық-бақылау бекетінің жұмысымен танысты.
Өңір басшысына қала әкімі және облыстық полиция департаментінің бастығы атқарылған жұмыстар туралы баяндады деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жалпы аймақта кешеден бастап Жезқазған, Түркістан, Ақтөбе бағыттары бойынша  4 медициналық-бақылау бекеті жұмыс істейді. Жауапты сала мамандары аймаққа келім-кетім көліктерді тоқтатып, азаматтардың жағдайын тексереді. Қауіпсіздік мақсатында азаматтардың жеке мәліметтері жинақталады.
Аталған бекеттерде облыстық денсаулық сақтау басқармасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің және полиция департаментінің қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады.
Аймақ басшысы медициналық-бақылау бекетіндегі сала мамандарына тапсырма берді.  
«Өңірге келген азаматтарды толық тексеруден өткізіп, міндетті түрде арнайы анкета толтыру қажет. Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың барлығы уақытылы, мүлтіксіз орындалуы керек. Сонымен қатар, ірі және шағын сауда нүктелеріндегі азық-түлік сататын бөлімдердегі тазалық талапқа сай болуы тиіс. Залалсыздандыру құрылғыларына, бетпердеге аса мән беріңіздер. Тағамдану орын­дары кешкі сағат 10.00-ге дейін ал мейрамханалар жұмысын мүлдем тоқтату керек», – деді облыс әкімі.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<