Аймақтық медицина қызметкерлерінің спартакиадасы ашылды

231

0

Қызылорда медициналық жоғарғы колледжінің спорт алаңында Қызылорда қаласының 200 жылдығы және медицина ардагері Сыздықов Ақмырза Сыздықұлының 80 жылдық мерейтойына арналған облыстық медицина қызметкерлерінің 52-ші спартакиадасының ашылуы болып өтті.

Жарыстың ашылуында олыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Абдусаметов Жақсылық Әбілқасымұлы, Қызылорда медициналық жоғарғы колледжінің директоры Тасмағамбетова Салтанат Сейітқалиқызы және сала ардагері Сыздықов Ақмырза Сыздықұлы қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спартакиадаға Қызылорда қалалық ауруханасының қызметкерлері де белсене қатысып, тартысты ойын көрсете білді.

Бір айға жуық созылатын жарыста қатысушылар спорттың 8 түрінен бақ сынаспақ.

Қызылорда қалалық ауруханасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<