Сыр елінде соны серпін көрсетіп келе жатқан көгалдағы хоккей ойыны әлем назарын кезекті рет өзіне аударды. Кеше ғана облыстағы «Қайсар» құрамасының халықаралық бәсекеде топ жарғанын көрдік.
Екатеринбург қаласында көгалдағы хоккейден өткен Ресей Федерациясының жоғарғы топ лигасының екінші айналымында «Қайсар» ерлер құрамасы 1-ші орынды жеңіп алды. Бұл айналымды еркін еңсерген жерлестеріміз енді келесі айналым ойындарын Санкт-Петербургте, соңғы кезеңді Қазан қаласында өткізеді.
Қырықжылдық тарихы бар көгалдағы хоккейдің осы кезге дейін алған асуы, шыққан белесі бір төбе. Талай доданың көркін қыздырған сайыпқырандар қай мемлекетте өнер көрсетсе де ел мерейін асқақтатып, көк туымызды желбіретуде. Құраманың бабын келтіріп жүрген білікті жаттықтырушы Сұлтанбек Қобландин спортшылардың алдағы уақытта да еліміздің абыройын асқақтата беретінін айтады.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
«Сыр бойы».
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<