
Тамыз айының басында Дубайда өткен халықаралық жарысқа 7 елден келген 15 жасқа дейінгі 150-ден астам балалар қатысқан болатын. Жасөспірімдер жарты сағатта 250 түрлі есепті ойша әрі жылдам шығаруы тиіс еді. Бұл міндетті қазақстандық Әлиасқар Куватов мінсіз орындап, әр елден келген оқытушылардың өзін тамсандырды. Нәтижесінде павлодарлық өрен гран-при иеленді.
Айта кету керек, Әлиасқар бұған дейін Мысырда өткен чемпионатта да гран-при алған. Ал Түркияда бірінші орын иегері атанған еді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<