Қазақ футболшысы 7 балалы анаға үй алып берді

260

0

Абзал Бейсебеков Қазақстан құрамасы мен «Астана» футбол клубының ойыншысы. Футболшы Маңғыстау облысы Жетібай кентінен көпбалалы отбасыға баспана сатып алып берді, деп жазады prosports.kz.

7 баланың ата-анасы Қуатбай Бақтыбайұлы мен жары Айгүл Әбдіғаниқызы «Харекет» қоры арқылы жан бағып келген. Футболшы Ораза айт күні жақсылық жасап, бір қазақ отбасына қуаныш сыйлады.

Желі қолданушылары футболшыға ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<