
«Ол облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын қаржыландыру бойынша мәселесінің жылдам әрі оң шешім табуы үшін жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілініп отыр. Параның жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асады, күдікті бұл қаражатты 2018 жылдың маусымынан тамызына дейін алып отырған», – делінген хабарламада.
Пара алудың бестен аса дерегі тіркелген. Күдікті үй қамауына алынған. Сондай-ақ ЖШС жауапты директоры пара берді деген күдікпен жауапқа тартылып отыр. Осы деректер бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.