ҚАЗАЛЫДА ҚАУЫРТ ҚИМЫЛ

221

0

 Қазалы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Өміртай Өтеп-Әлінің айтуынша, биыл ауданда барлығы 17 790 гектарға егіс егу межеленіп, өткен жылдан 435 гектарға ұлғайту жоспарланған.  Оның 6800 гектары күріш, қалғаны дәнді, мал азықтық дақылдар, картоп, көкөніс, бақша көлемін құрайды.
Айта кетерлігі, дақылдарды орналастыруда әртараптандыру ба­ғытына ерекше мән берілген. Нә­тижесі бөтен емес. Өткен жылмен салыстырғанда мақ­сары, жаздық бидай, тары ауқымы өсіп, арпа 103 гектар жерге себіліпті. Оған қоса ауданда алғаш рет «Рза-Агро» ЖШС аса құнарлы мал азықтық дақылдар өсіруді қолға алыпты. Егінді күтіп-баптауға баса мән бе­ріліп, қажетті мөлшерде мине­ралды тыңайтқыш сатып алынып, күріш арамшөптеріне қарсы қол­данатын гербицидпен толық қам­тамасыз етілген. Сондай-ақ дақылдардың өсу дәуірі ба­ры­сында оңтайлы мерзім ішін­де ти­істі агротехникалық шара­лар­ға сай күтіп-баптау жұ­мыстары өз дә­ре­жесінде жүргі­зілгенге ұқ­сай­ды.
Шаруашылықтар жаздық би­дайдан 10,5 центнерден өнім алса, арпа мен мақсарыдан да тәуір өнім түскен. Сонымен қатар, бүгінге дейін 61мың  тонна табиғи шөп дайындалған.
Дерекке сүйенсек, күріш  тү­гелдей  орылып, 6000 гектар­дан ас­тамы  бастырылды.  Орта өнім гек­тарына 39,1 центнерден айналу­да. Егін орағына жаңа үлгі­дегі қуатты техникалар қа­ты­сып, қазір диқандар ше­шуші науқанды ойдағыдай атқа­руға жұмыла кіріскен.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ,
Қазалы ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<