
Хабарлама бойынша бөлімнің ЖПҚБ бастығы, полиция майоры Нұрбек Шегебаев жеке құрамды дереу құлақтандырып, жоғалған баланың сыртқы сипаттамасы бойынша іздестіруді ұйымдастырды. Нәтижесінде 2 сағат ішіде жоғалған бала теміржол вокзалының жанынан табылды. Табылған бала аман-есен анасына тапсырылды.
Өз кезегінде анасы баланы тауып берген полиция қызметкерлері, полиция капитаны Ғалымжан Аманов пен полиция аға лейтенанты Ақмаржан Абдулхайыроваларға алғысын білдірді.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі