Қазалылық кәсіпкер тұшпара шығаратын цех ашпақ

316

0

Қазалылық кәсіпкер тұшпара шығаратын цех ашпақ Жанқожа батыр ауылының тұрғыны Бахытгүл Айнияз «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы 500 мың теңге мемлекеттік грант алып, жеке кәсібін бастап кетті.
Ол тұшпара шығаратын цех ашпақ. Бахытгүл кәсіптен нәсіп тауып отырған шаңырақтың отанасы. Яғни, отбасы мүшелерінің барлығы дерлік жеке кәсіппен айналысады. Жолдасы Панабек мал шаруашылығы және мал азығындық шөп дайындаумен айналысатын «Еріш Өмірбек» шаруа қожалығының иесі. Ал, ұлы Тоқтар Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығынан екі миллион теңге жеңілдетілген несие алып, ауылдан «Қанатбек» деген атаумен шағын наубайхана ашты. Сонымен қатар, «Жұлдыз» аралас заттар дүкенінің де жұмысын дөңгелетіп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<