Азамат аман-есен табылды

495

0

Кеше сағат 9-дан 40 минут өткенде Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылдық округі, Билібай ауылынан 16 қарашада шамамен сағат 14-тен 30 минут өткенде үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған денсаулығында кінәраты бар 1997 жылы туған азаматтың жоғалып кеткені туралы хабар келіп түскен.

ТЖД «Жедел құтқару жасағы» (3 құтқарушы, 1 кинологиялық есеп және 1 бірлік техника), ТЖД (9 қызметкер және 1 бірлік техника), аудандық полиция бөлімі (1 қызметкер және 1 бірлік техника), туыстары (10 адам), ауыл тұрғындары (29 адам) күшімен іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде сағат 11-ден 50 минут өткенде Билібай ауылынан 3 шақырым жерде, Байкенже ауылының тұсында азаматты туыстары далада түнеген жерінен тапты, жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке жүгінбеді.

Қызылорда облысы ТЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<