Азаматтар әскерге аттанады

421

0

Биыл облыста 800-ге жуық азамат әскери борышын өтейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қорғаныс істері департамент бастығының орынбасары, подполковник Қанат Омаров айтты.


Президент Жарлығының талаптарына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес наурыз-тамызда және қыркүйек-желтоқсанда 1993-2002 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери шақыру ұйымдастырылады.
Бүгінде облыстық, аудандық шақыру комиссиясы құрылып, оның жанынан медициналық комиссия мүшелері бірлесіп жұмыс атқаруда. Әскерге шақырылушылар мен ата-аналарына талаптары, құқығы мен міндеттерін түсіндіру үшін облыстық жиын пункті жанынан қоғамдық қабылдау өткізіледі. Облыста ҚР Қарулы күштері мен басқа да әскери құрылымдарды жасақтау үшін өткен жылдың әскери қызметке шақыруға берілген жоспары толығымен орындалған. Былтыр өңірден 1600-ден астам азамат Отан алдындағы борышын өтеген. Ал, биыл 800-ге жуық азамат әскер қатарына алынады.


Сара АДАЙБАЕВА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<