«Азаматтарға арналған үкімет» үлгілі қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

260

0

Биыл үшінші жыл қатарынан Қазақстанда қазан айының соңғы аптасы «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлер күні» деп белгіленіп, мерекеленіп келеді. Аз уақытта бұл кәсіби мереке мән-мағынасының тереңдігімен көпшілік жүрегінен орын алған сүйікті мерекелердің біріне айналып үлгерді.

Осы орайда, бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиал ұжымы салтанатты шарада осы салада қызмет атқарып жүрген әріптестері мен сала ардагерлерін ұлықтады. Мекеменің үздік қызметкерлері Басқарма басшысы мен облыстық филиал директорының алғыс хаттарымен мараппаталды.

«Әлеуметтік қызметкерлер – бұл күнделікті қызметінде аз қамтылған азаматтардың, зейнеткерлер мен мүгедектердіңмәселелерімен бетпе бет келіп, өз мүмкіндігіне қарай шешуге көмектесетін жандар. Мейірімді мамандық иелерінің қоғам алдындағы еңбегі ерен. Өйткені, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалуы – елдегі тұрақтылық пен азаматттардың амандық-саулығының кепілі. Сондықтан, бүгінгі мерекеде қызметінде жан жылуыменкәсіби шеберлігін қатар алып жүрген біздің әріптестерімізді шын жүректен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз»,- деп филиал директоры Айдын Қайруллаев ізгі тілегін жеткізді.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» халыққа қызмет көрсету, жер кадастры, жылжымайтын мүлік және әлеуметтік жәрдемақы төлеу салаларының басын біріктіріп, бүгінде мемлекеттік қызметтердің толық циклін көрсету әдісімен жұмыс жасауда. Соның ішінде әлеуметтік төлем және зейнетақы, бала туылуына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар секілді 40-тан аса мемлекеттік қызмет түрлері мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі.

Жалпы филиалда әлеуметтік бағытта 160-қа жуық адам қызмет атқарып келеді. Жыл басынан бері әлеуметтік сала бойынша 86 834 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 64,5 млрд-тан аса қаржы төленді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы баспасөз қызметі

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<