«Азаматтарға арналған үкімет» ұжымы белсенділік танытты

215

0

  Бүгін 2018 жылғы 14 қарашада бүкіл республика бойынша сағат 11:00-де латын әліпбиіндегі жалпыхалықтық диктант өтті. Бұл тарихи маңызы зор шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиал қызметкерлері де өз жерлестерімен бірге белсенді қатысты. 

Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін бақылау мақсатында ұйымдастырылып отырған диктантқа бір мезетте филиалдың барлық қалалық, аудандық бөлімдерінен 200-ге жуық маман қатысты.

«Біз жалпыхалықтық диктантқа алдын ала ұжымымызда жиын өткізіп, латын әліпбиінің ережелерімен таныстық. Сондықтан бүгінгі жазба жұмысы мен үшін өте жеңіл өтті. Менің ойымша, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру ешқандай қиындық туғызбайтын секілді», – дейді филиал маманы Ләззат Юсупова.

Айта кетейік, жалпыхалықтық диктанттың мақсаты – сауаттылықты тексеру емес, латын графикасында жазу дағдыларын қалыптастыру. Диктант 14 қараша күні сағат 11.00-де барлық өңірде бір мезетте өтті.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 

Қызылорда облыс бойынша филиалының баспасөз қызметі

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<