
Азиаданың жалпы медальдар саны бойынша Қазақстан 9-шы орында тұр. Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда өткен Азия ойындарының бәрінде Қазақстан үздік бестік қатарынан көрініп келген. Биылғы көрсеткіш бойынша 15 алтын, 17 күміс еншілеп отырмыз, бұл көрсеткіш те бұрнағы жылдарғы жетістіктердің ішіндегі ең төмен нәтиже болып тіркеліп отыр. Тек қола медаль саны бойынша (44) ғана өз рекордымызды жаңарттық.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<