Қазақстан қажыларына 18 компания қызмет көрсетеді

272

0

Қажылыққа Алматы мен Астанадан және Шымкент пен Ақтаудан әуе рейстері орындалады, сапар құны бір адамға 5 мың долларға дейін.

Қажылық парызын өтеуші қазақстандықтарға 18 компания қызмет көрсетеді. Оларды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қажылық комиссиясы іріктеген. Меккеге әуе рейстері еліміздің үш мегаполисінен және Ақтаудан орындалады.

ҚМДБ ресми сайтының хабарлауынша, 2018 жылы Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі Қазақстан үшін Меккеге баруға 3 мың адамға квота бөлді.

Биылғы сапар шығыны бір адамға – 4-5 мың доллар шамасында. Қазақстандықтар қасиетті орындарға 8-9 тамызда аттанып, 1 қыркүйекке дейін елге оралуы керек.

Қажыларға қызмет көрсетуге іріктелген 18 компанияның жұмысын діни басқарма жанындағы қажылық комиссия жіті бақылайды. Қажылық парызын өтеуге ниет білдірген қазақстандықтардың арасында 16-дан 89 жасқа дейінгі азаматтар бар. Кәмелетке толмағандар ата-анасымен бірге жүруі тиіс.

Биыл қажылардың киім үлгісі бірдей болмақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<