Иранның Тегеран қаласында өткен күрес түрлерінен кіші жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық балуандар 15 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, грек-рим күресінен өткен бәсекеде жас балуандарымыз 3 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль жеңіп алса, еркін күрес балуандары 3 күміс, 3 қола медальға ие болды.
Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері: Грек-рим күресі Алтын медаль Әлихан Далабай (48 келі); Азиз Қасымов (57 келі); Мәлік Жалелов (68 келі) Күміс медаль Хамит Набиев (38 келі), Мәди Данелов (62 келі), Ислам Евлоев (44 келі), Мерей Маулетханов (52 келі); Қола медаль Бағдат Сабаз (41 келі), Абай Серікқазыұлы (85 келі) Еркін күрес Күміс медаль Әскербек Дарын (38 келі), Нұрланбек Әбдінұр (48 келі), Әмірханов Эмиль (52 келі ); Қола медаль Амангелді Еламан (41 келі), Ерболатов Ілияс (62 келі), Жақсыбаев Әділ (68 келі).
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<