Қазақстан құрамасы XVIII жазғы Азия ойындарында нешінші орын алды?

257

0

Қазақстан құрамасы XVIII жазғы Азия ойындарының жалпы есебінде 9-орынға тұрақтады. Қазақстандық спортшылардың барлығы жүлде жолындағы жарысты аяқтады. 
 Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өткен сары құрлықтың басты додасында қазақ спортшылары 15 алтын, 17 күміс, 44 қола медаль жеңіп алды. 2 қыркүйек күні өтетін спорттық сайыстарда отандастарымыз болмағандықтан, осы нәтиже сақталады. Қазақстан құрамасы Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Төрт жылда бір рет өтетін додада еліміздің спортшылары жалпы есепте үздік бестіктен шықпаған. Алайда биылғы нәтижеміз осыған дейінгі көрсеткішімізден төмен. Күрес түрлері мен бокстан бірде-бір алтын медаль бұйырмады. Қола медальдар саны бойынша рекорд орнатқанмен, алтынымыз аз. 

Дереккөз: massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<