Қазақстан велоспорт федерациясы Азия ойындарына баратын спортшылардың тізімін жариялады

262

0

Индонезия астанасы Джакартада және Суматра аралында орналасқан Палембанг қаласында 18 тамыз күні Азия ойындары басталады. Белгілі болғандай ойындарда спорттың 40 түрінен 465 медаль жиынтығы ойнатылады. Жарысқа 45 мемлекет қатысқалы отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық велошабандоздар ел намысын үш дисциплинада қорғайды – тас жол, трек және маунтинбайк

МАУНТИНБАЙК

21 тамыз – кросс-кантри олимпик

Құрама командада – Кирилл Казанцев пен Шәкір Әділов

Маунтинбайктан ұлттық құрама бас бапкері Александр Дымовских: «Бізде кросс-кантри олимпик бойынша 2 жолдама бар. Бұл сынға Казанцев пен Әділов қатысады. Олар медальға қол созуы әбден ықтимал. Олар осыған дейін үш мәрте Азия кубогына қатысқан. Тіпті Казанцев Азия кубогының есебі бойынша жеңімпаз жейдесін сақтап қалған. 31 шілдеден бастап Медеуде дайындық жұмыстарын өткіздік. Енді бүгін Джаккартаға ұшып кетеміз де, жергілікті климатқа ертерек барып бой үйретеміз».

ТАС ЖОЛ (ЕРЛЕР)

23 тамыз – топтық жарыс (150 км)

24 тамыз –жекелей сын (40 км)

Азия ойындарына баратын ұлттық құрама шабандоздары Алексей Луценко, Евгений Гидич, Дмитрий Груздев, Жандос Бижігітов пен Даниил Фоминых.

Құрама бас бапкері Асан Базаев: «Жарысқа дайындық Альпы тауының етегінде өтті. Теңіз деңгейінен 1900 метр биіктікте дайындалдық. Оқу жаттығу жиынының басты мақсаты – шыдамдылықты арттыру, гематокритті көтеру болды. Команда керемет бабында. Шілде айының соңында тест алып көріп едік, жігіттердің барлығы керемет бабында екеніне көз жеткіздік. Топтық кезеңнің 150 шақырымын Луценко, Гидич, Фоминых және Бижігітов жүріп өтеді деп отырмыз. Ал ертесіне Луценко 40 километрге созылатын жекелей сында бақ сынайды».

ТАС ЖОЛ (ӘЙЕЛДЕР)

22 тамыз – топтық жарыс (100 км)

24 тамыз – жекелей сын (20 км)

Құрама сапында – Наталья Сайфутдинова, Махаббат Үмітжанова және Амилия Ысқақова.

Тас жолдағы велоспорттан әйелдер құрамасының бас бапкері Вадим Кравченко: «Әйелдер құрамасы Astana Women’s Team командасының базасында, Италияда оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Жаттығулар таулы жерлерде өтті. Барлығы жоспар бойынша. Топтық жарысқа біздің атымыздан Наталья Сайфутдинова мен Махаббат Үмітжанова, жекелей сынға – Амилия Ысқақова қатысатын. болады».

ТРЕК (ТЕМП)

27 тамыз – командалық із қуу

28 тамыз – командалық із қуу

28 тамыз – мэдисон

29 тамыз – жекелей сында із қуу

30 тамыз – омниум

Трек (темп) бойынша Қазақстан құрамасында – Артем Захаров, Сұлтанмұрат Миралиев, Әлішер Жұмақан, Роберт Гайнеев, Никита Панасенко, Асылхан Тұрар және Роман Василенков.

Трек бойынша құраманың бас бапкері Владимир Бушанский«Жарысқа дайынық жоспар бойынша өтіп жатыр. Алматыдағы таулы өлкеде дайындалдық. Джаккартаға ұшпас бұрын, 14-23 тамыз аралығында Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде дайындық жұмыстарын пысықтап аламыз.

Команда лидері Артем Захаров өзінің сүйікті стилі омнииумға және жекелей сындағы іш қуу жарысына қатысады. Командалық жарыстарға қалған 6 шабандозымызды тіркедік. Ал мэдисон сынына Асылхан Тұрар, Роберт Гайнеев және Роман Василенков қатысады».

ТРЕК (СПРИНТ)

27 тамыз – командалық спринт

28 тамыз – жекелей спринт

30 тамыз – жекелей спринт

31 тамыз – кейрин

Трек (спринт) бойынша құрама сапында – Павел Воржев, Сергей Пономарев, Максим Налетов және Богдан Рудер.

Спринт бойынша трек құрамасының бас бапкері Валентин Савицкий: «Жаттығулардың соңғы әрі негізгі бөлігі түгелімен Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өтті. 27-31 аралағында жаттығулардың келесі кезеңіне өтеміз. Джаккартаға 23 тамыз күні ұшамыз. Жұмыс жағдайында, керемет көңіл-күймен дайындалып жатырмыз. Бір қиындық болса ол, Павел Воржевтің Қытай кубогы жарысында алған джарақаты болып отыр. Бүкіл команданың көңіл-күйінің керемет болуын және Воржевтің спорттық бабының барынша мықты болуы үшін тырысып жатырмыз».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<