Қазақстанда 1 шілдеден бастап зейнетақы өседі

283

0

Әзірге қазақстандықтардың зейнетақысы 15 274 теңгені, яғни ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды.

Зейнетақының дәл осы бөлігі өзгеріске ұшырап, бірінші шілдеден бастап зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығы ескерілетін болады: 1998 жылдың 1 шілдесіне дейінгілер және бұл мерзімнен кейінгілер.

БЖЗҚ-да мүлде аударымы болмаған немесе он жылдан төмен уақыт аударымы болғандар үшін зейнетақы 15 274 теңге болып қала береді. Ал 20 жыл бойы аударым жасағандар ең төменгі күнкөрістің 74 пайызын алады, 30 жыл аударым бар болса – 94 пайыз. Егер 33 жылдан асса – 28 284 теңге.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<