Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

255

0

  Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды  Қазгидромет.
«Бірінен кейін бірі келетін циклондар мен онымен байланысты атмосфералық ауа ағындары салдарынан республиканың көптеген облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел тұрып, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал», – делінген синоптиктердің болжамында.  
Ауа температурасы солтүстік өңірлерде нормадан 1-3 градус төмен, ал қалған аумақтарда 3-5 градус жоғары болады. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<