Қазақстанда арзандатылған бағамен туристік ұшақтар қатынай бастайды

260

0

Қазақстанда туристік маусымда бағасы субсидияланған бірнеше ішкі әуе рейсі жұмысын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ішкі туризмді дамыту үшін Қазақстанда биыл да бірқатар ішкі бағдарлар бойынша әуе рейстері жұмысын бастайды. Нақтырақ айтқанда, жазғы уақытта Астана мен Алматы қаласынан Балқашқа, Үшаралға, Үржарға тұрақты ұшақтар ұшып тұратын болды. Атап айтқанда, «Южное небо» əуе компаниясы Астана – Балқаш бағдарында ұшақ ұшырмақ. 29 мамырдан басталатын рейс бойынша билет бағасы 9 мың теңге. Дəл сол компания Алматы – Балқаш бағытында ұшақ ұшырып, билет бағасын 14 мың теңгемен белгілеп отыр (15 мамырдан бастап). Сонымен қатар, «Южное небо» Астана – Үржар (Шығыс Қазақстан жақтан) бағытында (билет 19500 теңге) жəне Алматы – Үржар (билет 16000 теңге) тағы екі әуе рейсін іске қосты (екеуі де 16 мамырдан басталды).

Ал «Жетісу» əуе компаниясы Алакөлге Алматы облысы жақтан Астана – Үшарал (1 маусымнан бастап, билет 16000 теңге) рейсін іске қоспақ.
Сондай-ақ 27 мамырдан бастап «Scat» əуе компаниясы Алматы – Үшарал бағытында билет бағасы 9 мың теңгелік тұрақты рейс ашпақ.

Рейстердің нақты уақытын білу үшін əуежайларға немесе əуе компанияларына хабарласу қажет.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<