Қазақстанда демалыс күндері 42 градусқа дейін аяз болады

46

0

«Қазгидромет» РМК 2-4 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Температураның жоғарылауына, республиканың басым облыстарында қардың жаууына және бұрқасынның соғуына ықпал еткен оңтүстік циклон Алтайға қарай жылжыды. Ал, Қазақстанға Кар теңізінің орталығында орналасқан суық антициклон таралып, соның салдарынан еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында минус 35…42°, оңтүстікте кей жерлерде минус 15-22° дейін аяз болады. Бірақ, Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжып келе жатқан кезекті циклон жексенбіде аязды әлсіретеді. Қар жауып, бұрқасын және республиканың басым облыстарында екпінді жел соғады», – делінген хабарламада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз