Қазақстанда суық ауа райы әлі екі тәулікке жалғасады

256

0

«Қазгидромет» РМК алдағы екі күннің ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Инженер-синоптик Айнұр Қайыңбаеваның айтуына қарағанда, алдағы екі тәулікте суықтың беті қайтпайды. «Алдағы екі тәулікте елдің басым аумағында суық ауа райы сақталады. Алайда атмосфералық фронт өткеннен кейін ауа райы шығыс бағытпен араласып, мұның ақырында қар жауып, қатты жел мен боранға ұласады. Содан кейін ауа температурасы көтеріледі», – дейді синоптик.

Еске сала кетсек, бұған дейін демалыс күндеріне дейін еліміздегі аяздың беті қайтпайтынын хабарлаған болатынбыз. Қазгидрометтің 7-9 ақпанға арналған ауа райы болжамы бойынша, Қазақстанның батыс облыстарына жылжып келе жатқан атмосфералық фронттар Қазақстаннын басым бөлігіндегі қатты аязды тудырған арктикалық ауа массаларымен бірге антициклонды ығыстыра бастайды.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<