Қазақстанда төтенше жағдай енгізілуі: Ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтатылды

327

0

Қазақстанда Президенттің Жарлыққа қол қоюуымен енгізілген төтенше жағдайға байланысты ірі сауда нысандардың жұмысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін. Ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуіне шектеу қойылсын», – делінген Президенттің Жарлығында.
Сонымен қатар Жарлық бойынша сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметін тоқтатылатын болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<