Қазақстандық теннисші қыздар WTA рейтингіндегі орындарын сақтап қалды

217

0

Теннисші арулар қауымдастығы өкілдері рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz. 
 Үздіктер үштігі өзгеріссіз қалды: Румыния спортшысы Симона Халеп әлі де көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарға даниялық Каролин Возняцки мен АҚШ теннисшісі Слоан Стивенс жайғасты. Қазақстандық Юлия Путинцева 53-ші орнын сақтап қалды. Тағы бір отандасымыз Зарина Дияс сол қалпы 63-ші орында тұр. ТОП-100-ге жақын қалған еліміздің споршыларының бірі Елена Рыбакина 10 орынға көтеріліп,  189-шы орынға орналасты. Жұптық разрядта Галина Воскобоева 129-шы орыннан 111-ші орынға жоғарылай түсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<