ҚАЖ қызметкерлері сенбілікке шықты

296

0

Қала тазалығын сақтауда сенбіліктің орны зор. Облысымызда 15 қыркүйек және 15 қараша аралығы санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының 2 айлығы ретінде жарияланды. Сенбілік – халықты игілікті іске шақыру.

Осындай игі бастамаға Қылмыстық –атқару жүйесі департаментінің ұжымы да өз үлестерін қосты. Департаментке қарасты мекеме қызметкерлері белгіленген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, Қызылорда  қаласының тазалығына өз септігін тигізді. Көшелер мен тротуарларды тұрмыстық және өсімдік қалдықтарынан тазартты.

Мұндай иігілікті жұмыстарға алдағы уақытта да ҚАЖ кызметкерлері ұйымшылдықпен үлестерін қосады.

Дана Достанова 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<