Дзюдошы Дидар Хамза Индонезияда өтіп жатқан 2018 жылғы Азия ойындарында оныншы алтынды жеңіп алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме беріп.
81 келі салмақта қазақстандық спортшының қарсыласы ирандық дзюдошы Саид Моллаи болды. Бұл Азиада-2018 ойындарындағы Қазақстан құрамасының қанжығасындағы 56-ншы медаль. Бұдан басқа спортшыларымыз 11 күміс және 35 қола медальдың иегері атанды. Бұл алтын медальдың арқасында Қазақстан оныншы орынға көтерілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<