Азиада-2018: Елдос Сметов Джакарта ауруханасына жеткізілді

269

0

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов бүгін Джакарта татамиінде қарсыласынан жеңіліп қалған еді.

Дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Елдос СметовДжакартада ауруханаға жеткізілді.

Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірінші айналымда қарсыласын айқын басымдықпен жеңген Елдос екінші кездесуде Солтүстік Корея балуанынан ескерту санымен ұтылған еді.

Осы жекпе-жектен соң Елдос Сметовті ауруханаға жеткізілді.

Жаңа ғана Елдосты жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Рентгеннен өткізеді. Екінші белдесу кезінде жарақат алған. Оң жақ қабырғасы сынды деген болжам бар , – дейді дзюдодан Қазақстан командасының дәрігері Наталья Кудашева. 

Айта кетейік, Елдос Сметов жұбаныш белдесуіне де шыққан жоқ.

baribar.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<