«Қазпочтаның» қарттарға қамқорлығы

269

0

«Қазпочта»АҚ облыстық филиалы қызметі жақсарып келе­ді. Бұл туралы өңірлікком­му­никациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Тілшілерге жыл басынан бергі жұмыс көрсеткішін баяндаған «Қазпочта» АҚ Қызылорда филиалының директоры Аида Аби­буллаеваның айтуынша, қалада, аудан орталықтарында және шалғай ауылдықокругтерде 193 бөлім мен бөлімше жұмыс істеуде. Хаттар мен сәлемдемелерді, жеделдетілген және курьерлік почта, ақша аударымы мен мерзімді баспасөз басылымдарын тарату жұмысы жүйелі жолға қойылған.

– Қазір облыстық филиалдың өзінде «Қазпочта» қызметін пай­даланушылар 238 мыңнанасқан, оның ішінде 364 компания жалақы алуға шарт жасасса, 100263 зейнеткер менжәрдемақы алушы біздің қыз­метімізге жүгініп отыр. Жыл басынан бастап облыс бойынша 15 720 533 дана газет-журнал таратылған. Тағы бір жаңалық, жасы 80-нен асқан қарт кісілерге зейнетақысын жеткізу немесе басқа да қызмет түрін өз үйінде көрсету бойынша жұмыстар атқарылмақ, – дейді облыстық филиал директоры Аида Ибра­гимқызы. 

Жиын соңында тіл­шілер қойған сұрақтарға жауап беріліп,ұсыныс-пікірлер айтылды.

Ержан ҚОЖАС,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<