Байқоңырлық балалар мерекеде сайысқа түсті

556

0

«2022 жыл – Балалар жылы» және 1 маусым- халықаралық балаларды қорғау күні аясында Байқоңыр қаласының бүлдіршіндері №1 Демалыс орнында облыстық жастар ресурстық орталығы «Байқоңыр» қалалық бөлімі және РФ қарасты «Мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт» басқармасымен бірлесе балғындарға арнап «Фейс-арт» мерекелік шарасы ұйымдастырылды.

Онда балалар тек сурет салып қана қоймай, өздері де мерекелік көңіл-күйді сезіну мақсатында беттерін бояп, ерекше әсерде мерекені атап өтті.

Сондай-ақ, мерекелік кеште балаларға арнап түрлі бағыттағы ойын-сауықтар мен спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Кеш соңында барлық қатысушы бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар үлестірілді.

«Сыр жастары» облыстық жастар ресурстық орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<