Балабақша түлектерін шығарып салды

1413

0

Кеше №4 «Қуаныш» санаториялық бөбекжай балабақшасында ересектер тобының «Білімге қадам басамыз!» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі өтті.
Ертеңгілікте балалар оқу білім, өнерге байланысты тақпақтар оқып, тәуелсіз еліміз, туып өскен жеріміз, Отан, туған жер, бақытты балалық туралы ән салып би биледі. Балаларға тосын сый иелері Алладин, Буратино, Мальвина әртүрлі тапсырмалар беріп отан, мектеп, білім сөздерін жазып қызықты математика әлеміне саяхат жасады. «Бала тілі-бал» айдарынан балалардың қатысуымен көріністер тамашалады. Ертеңгілікте ересек тобы балаларының ата-аналары қатысып, балалар өнеріне ризашылықтарын білдіріп, балаларға тілектерін айтып, балабақша ұжымына, топ тәрбиешілеріне алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Ертеңгілік соңында балабақша меңгерушісі М. Изтлеуова балаларға сәт сапар тілеп, ата-аналарға өз ризашылығын білдірді.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<