Балалар арасында көлік жолына жүгіріп шығатын жаңа ойын пайда болды – фейк

192

0

Сурет видеодан алынды

Әлеуметтік желілерде жол бойында күтіп тұрып, темір тұлпар жақындай бергенде жолға жүгіріп шыққан баланың іс-әрекеті таспаланған бейнематериал жарияланды. Көпшілік мұны кәмелетке толмағандар арасында пайда болған жаңа ойын түрі екенін алға тартты. 

Kazinform тілшісінің сауалы бойынша Ішкі істер министрлігі бұл оқиғаға түсінік берді. 

«Қостанай облыстық Полиция департаменті бейнежазба астында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Жол-көлік оқиғасы 8 қазанда Рудный қаласында болған. «Daewoo Nexia» маркалы автокөліктің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп, кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен. Осы факті бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабының 1-бөлігі (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – деп жауап берді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен тілші сауалына орай.

Ведомство ақпаратына сай, ел бойынша мұндай фактілер тіркелген жоқ. Яғни, желідегі ақпарат шындыққа жанаспайды. Тиісінше министрлік өкілдері жалған мәлімет тартқандарға жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<