Кеше №264 Т.Есетов атындағы мектеп-лицейінде «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалы және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы мен «Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында балаларға қолдау көрсетті.
Акцияны мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде және әлеуметтiк себептермен мектептен қалып қоятын балаларға көмек көрсету.
Осы шара барысында «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалының есепке алу және статистикалық сектор меңгерушісі Асылбек Мамбетов пен Кәсіподақ комитетінің төрағасы Айтжан Оразбахов балаларға жаңа оқу жылында сабақтарын жақсы оқып, еліміздің көркейіп дамуына болашақта зор үлес қосатын тұлғалар болуына қамқорлық тілегін білдірді және балақайларға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен көмек көрсетті. Алда акция өз жалғасын табады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<