Балалардың су айдындарына бармауын қадағалаңыз

883

0

Жазғы суға шомылу маусымы басталмай жатып, Қызылорда қаласының су айдындарында 2 мектеп жасындағы жасөспірім баланың суға түсіп қаза болу фактісі тіркелді.

Жоғарыдағы қайғылы жағдайлардың барлығы балалардың ата-аналардың қарауынсыз жабдықталмаған қауіпті учаскелерде суға шомылуынан орын алуда.
Осыған байланысты, Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері суға шомылу маусымындағы түрлі оқыс оқиғалардың алдын алу және тұрғындардың қайғылы жағдайларға ұшырауын болдырмау мақсатында қала аумағында кең көлемде, әртүрлі бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты Тасбөгет кенті мен Астана мөлтек ауданында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің кіре берістеріне судағы қауіпсіздік шаралары туралы арнайы әзірленген түсіндірме үн парақтары ілінді.

Сондай-ақ,тұрғын үй ауласындағы тұрғындарға белгіленбеген аймақтарда суға шомылмау жөнінде түсіндіріліп, үн парақтар таратылуда.


Аталған іс-шара алдағы уақытта қала аумағындағы басқада көп қабатты тұрғын үйлерде жалғасатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<