
Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы қатысушыларға сәттілік тіледі. Қорытындысында Жаңақорған ауданының «Күлеміз-ау, қайтеміз» атты әзіл-сықақ отауы бас жүлдені жеңіп алса, бірінші орынға Жамбыл облысынан келген «Күлкі шаңырағы» ие болды. Екінші орын Қызылорда қаласының «Мереке думан» халықтық әзіл отауына, үшінші орын Арал ауданынан «Тамаша» мен Шиелі ауданы, Алғабас ауылдық клубы жанынан құрылған «Қытық» халықтық әзіл-сықақ отауларына бұйырды.
Көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған шараның ауқымы жылдан жылға артуымен бірге, оған қойылар талап та жоғарылайтындығы анық. Алайда, кейбір ұжымдардың асығыстық танытуы не болмаса дайындыққа селқос болуы өкінішті. Таптаурын тақырыптар мен бұрынғы қойылымдарды бояуын қалыңдата салып, көрерменге ұсыну қайсыбір әзіл-сықақ отауын алысқа апармады. Сондықтан бәсекенің насихатын кеңейтіп, тың қойылымдарға айрықша мән беру аса маңызды.
Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ.
Шиелі ауданы.
Шиелі ауданы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<