Бар жақсылық балаларға

465

0

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы және облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен көпбейінді облыстық балалар ауруханасының «Қамқорлық» емдеу-сауықтыру орталығында «Күн бала – шуақ шашқан нұрлана» ұранымен Дүниежүзі бойынша Даун синдромы туралы ақпарат тарату айын атап өту мақсатында сала мамандарымен бірлескен шара болып өтті.

Шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мая Миранбайқызы қатысып, балақайлардың ата-аналарын марапаттады. Одан бөлек қатысушыларға 55 ақпараттық танымдық материалдар таратылды.

Қазан айы – дүниежүзі бойынша Даун синдромы туралы ақпарат тарату айы болып танылады. Яғни бұл күн бекер таңдалмаған. Себебі бұл балалардың әрқайсысының ерекше өздеріне тән мінездерi, қызығушылығы бар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасына сүйенсек, Даун синдромы мен әр 700-ші нәресте дүниеге келеді екен .

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<