БАС МЕШІТТІҢ ЖАҢА НАИБ ИМАМДАРЫ ЖАМАҒАТПЕН ТАНЫСТЫ

257

0

Қасиетті жұма күні Сыр өңірінің Бас мешіті – «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне екі бірдей наиб имам тағайындалды.
Бүгінде, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен жергілікті халықтың діни білімін арттыру мақсатында білікті кадрларды қызметке шақыру арқылы облыстағы діни ахуал тұрақтылығын сақтау басты назарға алынған. Осыған орай, өңірімізде білікті кадрларды барынша көптеп шақыру жұмыстары жүргізілуде.
Өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы «Апатқа ұшыраған қауымдар» тақырыбында жұма уағызын айтып, ғибратты оқиғаларды мысалға келтіре отырып, тақырыпты айшықтап жан-жақты түсіндірді.
Бұдан кейін, орталық мешітте бес жыл бойы абыроймен адал қызмет атқарған, жақында ғана, Шиелі аудандық орталық мештіне Бас имам болып тағайындалған Б.Улжаевқа алғыс білдірді, қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі және де аталмыш мешіттің жаңа қызметкерлерін барша жамағаттың алдында таныстырды.

Евилхан Съезбек – 11.06.1976 жылы Моңғолия мемлекетінде дүниеге келген.
Білімі:
1997-2002 жж. Түркия мемлекетінде;
2006-2008 жж. ҚМДБ «Ислам институтында» оқыған.
Еңбек жолы:
1995-1996 жж. Павлодар қ., «Ақмешіт» мешітінде азаншы;
1996-1997 жж. Павлодар қ., Ертіс аудандық мешітінің наиб имам;
2015-2018 жж. Қызылорда обл., Арал аудандық орталық мешітінде Бас имам болып қызмет атқарған.

Ешмахан Рүстем – 21.06.1985 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.
Білімі:
2005-2006 жж. Отырар университетінде дайындық курсында;
2007-2008 жж. Отырар университетінің «философия» факультетінде;
2008-2011 жж. Ливия мемлекетінде «исламға шақыру» университетінде білім алған.
2015-2018 жж. «Ақтөбе» медресе-колледжін тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2012-2013 жж. Қызылорда облысы, Қазалы аудандық мешітінде наиб имам;
2014 ж. Қызылорда облысы, Сырдария аудандық «Мұсылмандар» мешітінде наиб имам;
2014-2015 жж. Алматы облысы, Шамалған ауылдық мешітінде наиб имам;
2016-2018 жж. Қызылорда облысы, Қазалы аудандық «Жанқожа батыр» мешітінде наиб имам болып қызмет атқарған.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<