Басқарма басшысы байқау жүлдегерлерін қабылдады

248

0

Фото: мәдениет басқармасы

Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Қазбекова Испания елі Барселона қаласында өткен «Коста-Браваның сұлулығы» атты Халықаралық көп жанрлы байқауының жүлдегерлерін қабылдады.

Халықаралық көрмеге әлемнің 16 елінен 600-ден аса өнерпаз қатысты. Аталған байқауда Қызылорда облысының 10 оқушысы бақ сынап, жүлделі орындарға ие болды.

Басқарма басшысы жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, аймақ абыройын асқақтатып жүрулеріне тілектестігін білдірді. Сондай-ақ, оқушыларды тәрбиелеп, қолдап жүрген Гүлзат Ермекқызы және жас суретшілер басқарма басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<