Батырхан Шүкенов ескерткішінің жаңа эскиздері пайда болды

659

1

Елорда  әкімдігі Батырхан Шүкенов ескерткішінің жаңа эскиздерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атақты музыкантқа арналған ескерткіштің үздік эскизіне байқау маусымның соңына дейін ұзартылғаны атап өтілді.

«Эскиздер бойынша ұсыныстарды Birge платформасына – төменгі бұрышындағы оң жақта тұрған «Кері байланыс» батырмасына, сондай-ақ centerofurbanism@gmail.com поштасына жіберуге болады. Байқауға ниет білдірген кез келген адам қатыса алады», деді елорда әкімдігіндегілер.

Әнші, композитор Батырхан Шүкеновтің құрметіне ескерткіш қалалық саябақта орнатылады. Жоба демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Бұған дейін әнші ескерткішінің алғашқы эскиздері пайда болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<