Байқоңырда полиция қызметкері жүргіншіні қағып кетті

248

0

Байқоңырда полиция қызметкері жүргіншіні қағып кеткен. Қазір жарақат алған тұрғын ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды Sputnuk Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Қазіргі мәліметтер бойынша, ер адам жүргіншілер жолағымен жүрген. Рөлдегі полиция қызметкерінің де ішімдік ішпегені анықталған.
«BMW маркалы көлігінің иесі жүргіншілер жолағынан өтпек болған 52 жастағы ер адамға жол бермеген. Нәтижесінде жүргізуші адам қағып кеткен», – деді «Бойқоңыр» кешенінің прокуратурасында.
Дәрігерлер 52 жастағы ер адамның жол апатынан ауыр жараланғанын айтты. Сондай-ақ Байқоңыр кешенінің прокуроры Александр Трифонов рөлдегі жүргізушінің полиция қызметкері екенін де мәлім етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<