Байқоңырдағы дәрігерлер жалақысы жаздан бастап 30%-ке өскен

214

0

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап, Қызылорда облыстық медицина орталығының Байқоңырдағы филиалы дәрігерлерінің еңбекақысын 30 процентке көбейтті.
Осылайша жұлдызды қалашық пен маңайдағы Төретам, Ақай елді мекендері тұрғындарына ем-дом жасайтын мамандардың жалақысына 32 мың 230 теңгеден қосылды. Енді өңірдегі барлық емдеу ұйымдарын осындай оң өзгеріс күтіп тұр. Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша өңірдің экономика саласында тер төгіп жүрген мамандардың орташа еңбекақысы 133 мың теңге шамасында болса, медициналық орталық дәрігерлерінің жалақысы жүз жетпіс бес мың теңге.
Ақмарал Әлназарова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
– Жүйелі үнемдеу мен тиімді басқарудың арқасында медициналық ұйымдардың өздері жасақтаған ішкі қоры арқылы біз жалақыны көтеруге мүмкіндік алып отырмыз. Еңбекақыны өсіру нәтижесінде білікті мамандарды, ең алдымен әрине дәрігерлерді сақтап қалуға қол жеткіздік. 2-ші жартыжылдықтан бастап, Байқоңырда қызмет ететін дәрігерлердің жалақысын 30 процентке көбейттік. Бұл өз кезегінде Ресей Федерациясының емдеу мекемелерін таңдап, ауысып кетуге құқы бар ақ халаттылардың отандық аурухана, емханаларда қалуына сеп болып отыр.

www.24.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<