Белсенді жастар марапатталды

325

0

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты елімізде жүйелі жұмыс жасап келе жатқан республикалық ұйым.«Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалы жастардың уақытын тиімді пайдалануда ауқымды жұмыстар атқарып келеді.

Облыстық «Жас Отан» ЖҚ жанынан құрылған «Ардагерлерді ардақтайық», «Балалар біздің болашағымыз», «Таза тіл», «Электронды үкіметті насихаттау»  еріктілер топтары жүйелі түрде жұмыстар атқарып келеді. Биылдан бастап «Жас Отан» ЖҚ жанынан «Жалын» пікір сайыс орталығы, «Жас патриот» еріктілер тобы өзінің жұмысын бастады.

1. «Ардагерлерді ардақтайық» еріктілері жыл басынан бері облыс көлемінде 155 ардагерге адресті көмектер көрсетілді.

2. «Балалар біздің болашағымыз» еріктілер тобы жыл басынан бері 92 үйден оқытылатын оқушының үйіне барып, көмектер көрсетті.

3. «Таза тіл» еріктілер тобы жыл басынан бері «ҚР Тіл туралы заңын» 366 сауда, түрлі мақсаттағы нысандарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың мамыр айының 11 жұлдызында Қызылорда облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты филиалының ұйымдастырумен «Жаңа әлемдегі жастар келбеті» облыстық жастар форумы өткізілді. Форумға бас аяғы 350 жас қатысты.

Бүгін Қызылорда облыстықөлкетану мұражайында «Жас Отан – жас көшбасшылар мектебі» «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділерін марпаттау жиыны өткізіліді.

Жиынның алғы сөзі «Нұр Отан» партиясы   Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаевқа берілді. И. Құттықожаев «Жас Отан» Жастар қанатының маңыздылығына тоқталып, белсенді жастарға алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, белсенді жастарды марапаттады. Мұнымен қоса белсенділерге «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Д.Сүндетбаевтың алғыс хаттарын табыстады.

«Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Т. Тілес «Жас Отан» Жастар қанатының жұмыстарына тоқталып, алдағы жоспарлармен таныстырды.

Келесі сөз кезегі «Темір жол» филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы, «Жас Отан»ЖҚ-ның IV сьезінің делегаты С.Әбдіреевке берілді. С.Әбдіреев  теміржолшы жастардың атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті.

 Марапаттаушылар атынан сөз алған «Ұлағат» колледжі «Жас Отан» Жастар қанатының бастауыш бөлімшесінің басшысы Н.Кенбай  «Жас Отан» Жастар қанатының белсенді мүшесі болғанын мақтан ететінін және алдағы атқарар жұмыстарға белсене араласатынын жеткізді.

Жиын соңында Елбасымыздың 1 шілде «Ұлттық Домбыра күні»  деп жариялауына орай жас өнерпаздар Қазақтың ұлттық күйлерін орындады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<