Бердібек Сапарбаев жаңа атаққа ие болды

688

0

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының құрметті азаматы атанды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәліметінше, бүгін өткен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы барысында депутаттар Бердібек Сапарбаевқа «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылдаған.

«Сессия барысында депутаттар мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевқа, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Серікбай Рзабаевқа, медицина профессоры Нағашыбай Ақатаевқа және облыс ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтовқа «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімді бекітті», – делінген әкімдік хабарламасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<