Берекелі Бесарық ауылы – облыстағы «Үлгілі елді мекен»

341

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен облыста «Үлгілі елді мекен» конкурсы екінші мәрте өткізіліп, бүгін жеңімпаздар марапатталды.

«Президент бастамасымен жыл сайын елімізде «Бірге: Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде. Биыл акцияға облыстың 11 мыңнан астам тұрғыны ерікті түрде қатысып, туған жердің тазалығына үлес қосты. Осы ретте ауыл-аймақты көркейтуге, көгалдандыруға белсенді қатысатын елді мекендерді ынталандыруды қолға алдық. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 1 млрд теңгеге жуық қаржы бағыттап, «Үлгілі елді мекен» конкурсын ұйымдастырдық. Биылғы бірінші жартыжылдықта өткен конкурсқа аймақ халқы белсенді қатысып, жеңімпаз 6 елді мекенге күнделікті тұрмысқа ең қажетті деген заманауи үлгідегі 14 арнайы техника берілді. Қызылордалықтардың белсенділігін ескере келе конкурсты күзде екінші мәрте ұйымдастырдық. Ауыл-аймақтың ажарын айшықтап, келбетін көркем етуге бағытталған «Үлгілі елді мекен» конкурсы аудан орталықтары мен ауылдар арасында дәстүрлі түрде жалғасады. Бүгін тапсырылған техникалар мен автокөліктер тұрғындардың қызметіне жарасын», – деді құттықтау сөзінде аймақ басшысы.

Конкурс нәтижесінде ауданға қарасты берекелі Бесарық ауылы «Үлгілі елді мекен» номинациясы бойынша І орынға лайық деп танылды.

Бүгінде ауылдың әлеуеті артқан. Әлеуметтік нысандар жаңарып, ажары айшықты, гүлденіп, көркейген ауыл өзге елді мекендерге үлгі етіледі.

Айта кетейік, бұған дейін ауданға қарасты Н.Ілиясов ауылы да аймақтағы «Үлгілі елді мекен» деп танылған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<