Бейсенбі күні ел аумақтарында жел күшейіп, жауын жауады

185

0

Қазақстанның басым бөлігінде бейсенбі күні атмосфералық фронталды ағындардың өтуіне байланысты жауын жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және күндіз тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында шаңды дауыл көтеріліп, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды.

Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріліп, күндіз кейбір аудандарда желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Атырау облысында күн қатты ысиды.