Бүгін Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады

100

0

Қазақстан аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күн тек елдің батысында, оңтүстігі мен шығысында ашық болады. Кей жерлерде жауын жауып, жел күшейіп, найзағай ойнайды. Бұршақ жаууы да мүмкін.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында бұршақ жаууы ықтимал. Түнде желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге дейін күшейеді.

Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда, Ақтөбе облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысында түнде тұман болады.

Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Маңғыстау облысының жекелеген аймақтарында өрт қаупі туындайды.